jasqazaq.kz

Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты

Бүгін, 18:31

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуына тоқтала келе, осы саланы өркендету үшін бірқатар өзгерістерді қолға алу қажет деді. Атап айтқанда, сауда-саттықтың үлесі басым шағын кәсіпкерліктің құрылымын әртараптандыру және орта бизнес өкілдерінің ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеп, оларға өз өнімін өткізуіне жағдай жасау керек.

Президент, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті мемлекеттік сатып алу жүйесіне тарту ісін жетілдіру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысының осы ұсыныстары аталған саланың одан әрі өркендеуіне серпін беретіні анық. Бұл ретте өнеркәсібі мен аграрлық секторы қатар дамыған Шымкентте шағын және орта бизнестің әлеуеті де, мүмкіндігі де мол екенін айтқан жөн.

Сөзіміз жалаң болмас үшін қала әкімі келтірге деректерге жүгінейік. Ғабит Сыздықбеков жуырда тұңғыш рет Шымқалада өткен «Kazakhstan Global Invesment Rountable» (Қазақстанның жаһандық инвестициясы дөңгелек үстелі) атты жиында шаһарда 133 мың шағын және орта бизнес субьектісі бар екенін тілге тиек етті. Бұл бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, 1,8 есе көп деген сөз. Бұған қоса, шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған 2 мыңдай компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Қомақты инвестиция әкелгендер қатарында әлемге әйгілі «CNPC» «Coca-Cola», «Polpharma», «Alarco Holding», «Yda Group», «Fabe Agro», «Wang-Sheng Ceramics» сияқты алпауыттар бар. Мұнай өнімдері, сусын, дәрі-дәрмек өндірісі, аулы шаруашылығы мен құрылыстағы танымал компаниялардың болуы Шымкенттегі шағын бизнесті әртараптандыруда елеулі фактор. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, ірі өндіріс маңына шоғырланған шағын кәсіпкерлік субьектілері түрлі тапсырыс алып, кластер жүйесінің өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қала әкімдігі шағын және орта бизнеске инвестор тартуға айрықша мән беріп отыр. Осы мақсатпен шаһарда шағын өнеркәсіп алаңдары құрылды. Шымкенттегі озық үлгінің мәнісі мынада: кәсіпкер жеңілдікпен жалға берілетін дайын ғимаратқа құрал-жабдығын әкеледі де, іске кірісіп кетеді. Келісімшартты ұзақ мерзімге жасап, кейін оны сатып алуға да болады. Қалаға да тиімді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, қазынаға салық уақтылы түсіп тұрады. Қазір шаһарда осындай үш өнеркәсіп алаңы жұмыс істеп жатыр. Құрылысқа қажетті пластик бұйымдар мен құбырлар жасайтын мұндай алаңдар іргесін кеңейтіп, болашақта индустриялық аймаққа айналуы ықтимал.
Жалпы, шаһар экономикасы дамуының іргетасы саналатын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында көп жұмыс атқарылып жатыр. Ол Бірыңғай кәсіпкерлікті қолдауға арналған кешенді бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылуда. Биыл бизнес-жобаларды жүзеге асыруға 14,5 млрд теңге бөлінген. Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалдық -инновациялық даму басқармасының мәліметіне жүгінсек, жыл басынан бері осындай 1480 жоба қаржыландырылды.

Саланы әртараптандыруда қаладағы агроһнеркәсіп кешенінің де әлеуеті зор екенін айтқан жөн. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған агросектор жылыжай, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындарымен де шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуіне елеулі үлес қосып отыр.

Талап Тілеген

Сурет: gov.kz

Бүгін, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
Бүгін, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
Бүгін, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді