jasqazaq.kz

Шымкент-Самара автожолында 36 адамы бар автобус аударылды

23 қараша 2018, 11:39

Шымкент-Самара автожолында 36 адам отырған автобус аударылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық жергілікті полиция қызметінің соңғы ақпараты бойынша автобуста 36 адам болған, оның 34 Өзбекстан Республикасының азаматы. «Кеше сағат 20.40 шамасында Шымкент-Самара автожолының бойында Арал қаласының маңында «Сарыағаш-Нижний Новгород» бағытында қатынайтын Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына бара жатқан автобус аударылды. Автобус ішінде Ресейден қайтып келе жатқан 36 адам болған. Оның 34-і Өзбекстан азаматы. Ал 2 жүргізуші Қазақстан Республикасының азаматтары», — делінген хабарламада. Зардап шеккендерге көмек көрсету және ауруханаға апару мақсатында Арал ауданының әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оқиға орнына шықты. Оқиға орнында арнайы қызметтердің 10 бірлік техникасы жұмыс істеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, 3 адам ауруханаға жеткізілді, олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. 1 жолаушы аудандық ауруханада ауыр жарақат салдарынан көз жұмды. 17 жолаушы Арал ауданы әкімдігі қызметкерлерінің көмегімен жол бойындағы қонақ үйге орналастырылды. Автобус иесі кешке дейін оларды тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз етеді. Қалғандары өз бетінше Ресей Федерациясына қайтып жолға шыққан.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді