
Шымкентте шетелдік нөмірлі 400-ге жуық автокөлік иелері жауапқа тартылды.
Polisia.kz мәліметінше, Шымкент қаласы аумағында 12 қазаннан бастап “Автомобиль” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты – қала аумағында көлік құралдарын жүргізушілердің, оның ішінде мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілерінің көлік жүргізу тәртібін арттыру мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзу мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету, әсіресе мемлекеттік белгілері шетелдік көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Жедел-профилактикалық іс-шараның тоғызыншы күнінде көлік жүргізушілермен жасалған 5992 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде шетелдік мемлекеттік белгілері бар көлік жүргізушілермен жасалған 396 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 40 автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.