jasqazaq.kz

Шымкент пен Атырауда полицейлер ұсталды

03 тамыз 2018, 12:51

Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, Шымкентте Арнайы прокуратура мен ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері біреудің мүлкін жымқыру бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында қалалық ІІД қызметкерін ұстады. Сондай-ақ, Атырауда жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері, ҰҚКД және ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірігіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары аясында балық өнімдерін шығарумен заңсыз айналысқандарға қолдау көрсетті деген күдікпен облыстық ІІД қызметкерін ұстады. «Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді