jasqazaq.kz

Шымкент пен Алматыда студенттер есірткі таратқан (видео)

13 сәуiр 2021, 14:18

Шымкент пен Алматыда есірткі сатқан студенттер мен жасөспірімдер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

3 сәуірде Шымкент полицейлері есірткі таратқан сегіз тұрғынды ұстады. Олардың көбі студент, ал ұсталғандардың төртеуі қыз.

«Олардың бәрі ақша үшін әлеуметтік желі арқылы нұсқау алып отырған. Міндеті алдын-ала дайындалған есірткі заттарын тарату. Іс жүзінде барлық әрекет түнде жасалған. Ол бір-біріне жіберген суреттен анықталды», — деді қалалық полиция департаменті өкілі.

Тексеру барысында ұсталғандардан 116 қапшық синтетикалық есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Алматыда полиция назарына 20 және 22 жастағы екі адам іліккен. Олар көпқабатты үйлер орналасқан аймақта жүрген.

«Бөлім қызметкерлері күдіктілерді таңғы алтыда «Көктем» ықшамауданында өткізген арнайы шара барысында ұстаған. Нәтижесінде 2000 жылы туған К. есімді және 1999 жылы туған С. есімді жасөспірім ұсталды. Олар бұрын есірткі қылмысы үшін жауапқа тартылған. Іс жүргізу тәртібінде олардан ұнтақ заты бар 72 орама тәркіленді. Осы факт бойынша тергеу және тиісті жедел шаралар жалғасып жатыр», — деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия