jasqazaq.kz

Шымкент: Оқушылар жазғы лагерьлерде демалып жатыр

12 шiлде 2024, 13:53


Жаз мезгілінде мектеп оқушыларының тынығып, демалуы үшін еліміздің барлық аумағындағы лагерьлер есігін айқара ашты. Еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкент қаласының білім беру саласы да оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесіне айрықша мән береді. Осы мақсатта қала маңайында, сондай-ақ мектептердің жанынан балалар лагерьлері көптеп ашылып, жеткіншектердің демалып қайтуына барлық жағдай жасалған. Айталық, биылғы жаз маусымында жалпы орта білім беру ұйымдарындағы 245 862 оқушының 232 424 оқушысын (94,6 пайыз) жазғы демалыспен қамту жоспарланған.
Оның ішінде 18 934 бала (9 494-і жергілікті бюджеттен, 9 440 бала демеушілер қаражаты есебінен), сондай-ақ кәсіподақ тарапынан 90 бала қала сыртындағы және 213 400 (ата-аналар) бала мектеп жанындағы алаңдарда демалады. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында тарқатып айтып берді.
Білім басқармасы басшысының мәліметінше, мектеп жанындағы алаңдардың жұмысы ағымдағы жылдың 27-мамырдан басталып, бірінші және екінші ауысымда 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылған.
Үстіміздегі жылдың жаз айында балаларды сауықтыру, жетілдіру, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы жеті лагерге бір көзден отыру бойынша ұсыныс беріліп, балалар ауысыммен демалуда.
Атап айтқанда, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек», «Көктөбе», «Тау шыңы» және Сайрам ауданындағы «Арыс» лагерьлерінде демалып жатыр. 12 шілдеден бастап «Машат — Арасан», «Гаваи» және «Турбаза» лагерьлерінде ауысыммен демалатын болды.
20 маусымнан бастап Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Көлкент елді мекенінде орналасқан Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мемлекеттік «Ақсу» лагеріне 200 бала жіберілді. Қазіргі таңда олар сол жерде демалуда.
Сондай-ақ балалар үйінің 114 тәрбиеленушісі 10 маусымнан бастап қала сыртындағы «Үшбұлақ» лагерлерінде демалуын жалғастыруда. Балалар мұнда оқу жылы басталғанға дейін демалатын болады.
Бугінгі таңда қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 1356 бала демалыспен қамтылды. Оның ішінде, 429 бала демалып қайтты, ал 927 бала демалуда.
Сондай-ақ жеті мемлекеттік мектептен тыс мекемелердің спорттық және шығармашылық үйірмелерінде 20 403 оқушы және 36 жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыспен 12 300 бала демалыспен қамтылды.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті