jasqazaq.kz

Шымкент: Оқушылар әскери қызметшілердің өмірімен танысты

15 қыркүйек 2022, 16:51

Шымкентте «Танкистер күні» қарсаңында шаһарда қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында оқушылар үшін «Ашық есік күні» өтті.

Аталған шараға қала мектептерін бітіруші оқушылар мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубынан жалпы 300-ден астам бала келді.

Балаларды әскери өмірмен таныстыру бақылау өткізу пунктінен басталды. Онда оқушылар тобын бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ринат Калидолдин мен танк батальонының командирі майор Руслан Қожағалиев күтіп алды.

Олар қонақтарға экскурсия өткізіп, әскери бөлімнің тарихы мен жауынгерлік жолы туралы айтып берді. Әскери қызметшілер жас меймандарға жауынгерлік және салтанатты киім үлгілерін, қару-жарақтың түрлерін көрсетті. Жастарға бөлім аумағындағы жауынгерлік техникалар туралы егжей-тегжейлі тайтып берді.

Көптеген оқушылар қару-жарақты көріп қана қоймай, сонымен қатар бөлшектеу мен құрастыруға да мүмкіндік алды. Нағыз жауынгерлік қаруды ұстау тек ұлдардың ғана емес, қыздардың да арманы. Солардың бірі № 129 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Сымбат Мырзағали.

– Экскурсия өте қызықты өтті. Біз әскери қызметшілерге олардың өмірін барынша жақыннан көруге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен ризамыз, – деді Сымбат.

Айта кетейік, Шымкентте күзгі әскерге шақыру қызу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша 700-ден астам жерлесіміз әскери киім киіп, Отан қорғаушылар қатарына қосылады. Шымкент қаласының тұрғындары бүкіл ел бойынша құрлық, десанттық-шабуылдау және зымыран-артиллериялық әскерлерде мерзімді қызмет өткереді, ал инженерлік мамандықтары бар әскерге шақырылушылар көбінесе бейіні бойынша қызметті таңдайды. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өту қажет.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр