jasqazaq.kz

Шымкент: Қазақстандағы ең ірі симуляциялық орталық ашылды

16 маусым 2022, 17:07

Үшінші мегаполисте алғаш рет орталықтандырылған симуляциялық орталық іске қосылды. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында істейтін бұл орталықтың ашылуы 19 маусым – Қала күніне орайластырылып отыр.

Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков, қалалық жәдел жәрдем станциясының жетекшісі Гүлнәр Құрманбекова қатысты. Мамандар шаһар басшысына түрлі құрылғылармен жұмыс істеу барысын таныстырды.

– Бұл симуляциялық орталықтың әзірге Қазақстан бойынша баламасы жоқ. Мұндай заманауи орталықтың халық саны көп қалаларда болуы маңызды. Оқыс оқиға болғанда зардап шегуші алғашқы көмек көрсетуді үйрену – маңызды. Сондықтан, алғашқылардың бірі болып полиция қызметкерлері осы орталықта көмек көрсетудің жолдарын үйренеді деп жоспарлап отырмыз. Себебі, тәртіп сақшылары көбінесе жол апаты немесе басқа да шұғыл жағдайлардың басына бірінші болып жетеді. Сол кезде дәрігерлер келгенше медициналық көмек көрсетуді білгені жақсы. Бұған қоса медициналық оқу орындарының студенттері үшін де тәжірибе шыңдау орталығы бола алады, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Абибуллаұлының айтуынша, мұнда түрлі жағдайға арналған 100 муляж қарастырылған. Ересектерден бастап балаларға дейін, түрлі жарақаттан бастап шұғыл бала босануға дейінгі жағдайда алғашқы көмек көрсету әдістері үйретіледі. Орталық мамандары шетелдерде білімін жетілдіріп, біліктілік арттырып келген.

Айта кетсек, жыл басынан қалада 1 112 жол апаты тіркеліп, 1401 адам зардап шеккен. 1 124 адам ауруханаға тасымалданған, өкінішке орай 11 адам қайтыс болған.

Одан бөлек, Жедел жәрдем күніне екі мыңғы жуық шақыртуға барады. Өткен бір жылда 545 676 шақыртуға барып көмек еткен. Шымкент қаласының Жедел жәрдемі келу уақыты бойынша Қазақстанда алғашқы үштікке кіреді. Атап айтқанда, сәтті реанимациялық көмек, жедел жәрдемнің уақытылы жетуі, жедел жәрдем көлігі және мамандардың қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуы және тағы басқа көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелерге жетіп отыр.

Шымкент қаласының Жедел жәрдемінде жұмыс істейтін 1800 адамдық ұжым кез келген уақытта қала тұрғындарына көмекке келуге дайын. Бүгінде 103 станциясы толығымен цифрлы жүйеге қосылған. Жедел жәрдем қоңырауларының барлығы біріктірілген автоматты жүйе арқылы қабылдануда. Одан бөлек, шақыртуға баратын көліктерде GPS-навигаторы орнатылған.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр