Шымкент қаласының әкімі жол құрылысы нысандарын аралады

24 мамыр 2022, 17:38

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жол құрылысы нысандарын аралап, көлік-инфрақұрылымын дамытуда атқарылатын жобалардың орындалу барысын көрді.

Қала сыртында айналма жолдардың салынуы қаланы транзиттік автомобильдер мен ауыр жүк көліктерінен босатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде транзиттік автокөліктер шаһар жолдарын талқандамай, айналма жолдармен қала сыртынан өтеді.

Әуелі «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты. Айналма жолдың құрылыс Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі.

2021-2022 жылдарға жоспарланған құрылыстың ұзындығы – 16 шақырым. Шымкент-Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол жабынының жерді қысымдау жұмысы жүргізілуде.

Құрылыс нысанының 6 учаскесінде жолдың негізін дайындау, қазу жұмыстары қолға алынған. Қазір құрылысшылар байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстырып жатыр. Құрылысты «Корпорация Береке-А» мердігер мекемесі жүргізіп отыр

Мұнан кейін Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының ІІ және ІІІ кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуін тапсырды.

Қазіргі кезде инженерлік желілерді орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстарымен қатар ұзындығы 0,561 шақырымды құрайтын үшінші кезеңі бойынша қазіргі уақытта жол мен аяқ жолдардың негізін әзірлеу, абаттандыру және жер үсті жаяу жүргінші өткелін жасау жұмыстары атқарылуда.

Айта кетсек, шаһарда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 247,6 шақырымды құрайды. Қазір 347,8 шақырым болған көшеде жөндеу жұмыстары атқарылуда. Жыл соңына дейін 271,1 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде қаладағы жақсы және қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 67,4 % құрайды. Ал, 2025 жылға көрсеткішті 79 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Осы жылдың соңына дейін 4 000 дана жол белгілерін орнату жоспарланып, бүгінде 510 данасы қойылған. Сонымен бірге, 18 шқ жол таңба сызылып, жыл соңына дейін 16 бағдаршам, 15 белсенді жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарға алынған.

Тоқтар Жақаш

22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде