jasqazaq.kz

Шымкент қаласының әкімі тағайындалды

20 маусым 2018, 18:26

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылғы 23 қантарда Шымкент облысы Киров ауылында дүниеге келген. 1996-1997 жылдары — Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті; 1999-2001 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі; 2001-2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары; 2003-2005 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы; 2005-2008 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары; 2008-2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы; 2012-2015 жылдары — Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары; 2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі; 2017 жылғы 31 қазаннан бастап осы тағайындауға дейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді