jasqazaq.kz

Шымкент: Кәрізбен қамту көрсеткіші 60% ға жетеді

14 мамыр 2022, 15:38

Тұрғындар жиі көтеретін мәселенің бірі – кәріз жүйесі. Құрылысына қыруар қаржы кететін инженерлік инфрақұрылым бойынша Шымкент қаласында атқарылып жатқан жұмыстарды жоққа шығаруға болмайды. Қала берді, қала жан-жақты кеңейіп барады. Сондықтан бұл мәселе күн тәртібіндегі өзекті түйткілге айналып отыр. Мәселен, үшінші мегаполисте 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген.

Биыл кәріз жүйесіне қосылған елді мекен саны 6-ға артады. Осылайша қаланың кәрізбен қамтылу көрсеткіші 54 пайыздан, 60 пайызға жетпек.

Бүгінде бұл көрсеткішті арттыру мақсатында барлығы 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы және 13 елді мекенде ішкі орамдық кәріз құбырлары тартылуда.

Жыл соңына дейін Арғынбеков, Тұран магистралды кәріз коллекторларының және Достық кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен бірге, Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік – Шығыс, Хлопзавод, Жұлдыз тұрғын алабындағы ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталып, осы 6 елді мекен орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады.

Қаланың энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметіне сүйенсек, өткен жылы қалада «Тұран» сорғы станциясы және Самал-1 мен Наурыз шағын аудандарының ішкі жүйелерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Нәтижесінде кәрізбен қамту көрсеткіші 52,3%-дан 54%-ға өскен.

Қаланың оңтүстік пен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспарына сәйкес кәріз тазалау станциясы мен сорғы станциясының коллекторлары және елді мекендерде ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар аяқталса, 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетеді.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр