jasqazaq.kz

Шымкент инвестиция тартуда көш бастады

13 мамыр 2022, 15:24

Шымкент инвестиция тартуда көш бастады

Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров Үкімет отырысында мәлім етті. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен селекторлық жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен салалық басқарма басшылары қатысты.

Министр инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы, Ақмола, облысы мен Алматы қаласында жоғары өсім байқалып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Шымкент қаласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестиция тарту көлемі 73,2 пайызға артқан.

2022 жылдың төрт айында қала экономикасына 108,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, осы көрсеткіш бойынша Шымкент елімізде бірінші орынға ие болды.

Жалпы қалада 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн.теңгеге 296 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Осы жобалар арқылы 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылады. Оның ішінде, 2022 жылы құны 241 млрд.теңгені құрайтын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланып отыр.

Инвестиция қала экономикасын ілгерілетудің қозғаушы күші екендігі белгілі. Осыған байланысты Шымкент республикалық маңызға ие болғаннан кейін қаланың экономикасына отандық және шетел инвестицияларын тарту мәселесіне ерекше басымдық беріліп келеді.

Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында да инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы, Ақмола, Маңғыстау облыстарында жоғары өсім байқалған. Шымкент қаласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестиция тарту көлемі 84 пайызға артқан. Шаһарда жеті негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң өсім тіркелді.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша Шымкент өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,1 пайызды құрайды. Есепті кезеңде елімізде 2.9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Шымкентте бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға артып отыр.

Шымкент қаласы 2021 жылдың бірінші тоқсанында негізгі капиталға инвестиция тарту жөнінен көш бастаған болатын. Аталған кезеңде мегаполиске 462 млрд теңгеден аса қаржы құйылған. Одан кейін Ақтөбе және Қостанай облыстары тұр. Ал Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары аутсайдерлер қатарында.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр