jasqazaq.kz

Шымкент: Ескерткіштерге – ерекше қамқорлық

19 сәуiр 2024, 15:03

Қазақтың кең даласында тарихы терең, қасиетті орындар көп. Сондай киелі мұраға бай аймақтың бірі – шырайлы Шымкент қаласы. Тарихи деректерге сүйнесек, Шымшаһардың тарихы 2200 жыл бұрын басталған. Сондықтан ғасырдан ғасырға өтіп, бүгінге дейін жеткен көне ғимараттар көп мұнда. Оларды көздің қарашығындай сақтап, қамқорлыққа алу – бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Еске салсақ, 1984 жылдың 18 сәуірінен Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні жыл сайын атап өтіледі. Айтулы күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген болатын.
Бұл күннің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Негізінен ескерткіштер – ел тарихы немесе тарихи-мәдени мұра халық тарихының аса маңызды айғағы, адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі. Сондықтан басты міндеттердің бірі – Ұлы дала халқының ұлттық құндылықтарын сақтау және болашақ ұрпаққа аманат етуге күш салу.
Бүгінде ел ішінде жаппай өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығында өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен өлкетану мұражайларының аумағы тазаланып, абаттандырылуда. Әл-Фараби ауданы аймағында орналасқан «Д.Қонаев» және «Ә.Молдағұлова» ескерткіштерінің маңы, «Шым қала» тарихи-мәдени кешені мен Абай ауданына қарасты «Темірші әулие» кесенесі, сондай-ақ мен Тұран ауданындағы Тілеу Айтұлы батыр ескерткішінің айналасы ретке келтірілді. Арықтар тазаланып, отыратын орындықтар сырланып, гүлдер егілді.
Бұл апталықтың бір ерекшелігі Халықаралық ескерткіштер мен тарихи-орындарды қорғау күніне сәйкес келуінде. Осыған орай арнайы ұйымдастырылған мәдени мұраларды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге, ұлтжандыққа тәрбиелеу мақсатында «Шым қала» тарихи-мәдени кешені қызметкерлері мектеп оқушыларының қатысуымен «Ескерткіштер – ел тарихы» атты экскурсиялық тур ұйымдастырылды.
Турға қатысушылар Сайрам тұрғын алабында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші тізіміне енген Қызыр мұнарасына XII ғ. және Сайрам музейінде болды. Сонымен қатар, «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде тақырыптық көрме жасақталып, танымдық лекцияға қатысты.
Турға қатысушылар «Ескерткіштер арқылы өткенімізді зерттеп, тарихқа терең үңіле аламыз. Тарихи ескерткіштерді зерделеу сол арқылы өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, сол өткен тұлғалардан үлгі — өнеге алу қазіргі ұрпақтың бірден бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады», — дейді.

JQ-Aqparat

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр