jasqazaq.kz

«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді

28 қазан, 17:22

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты Олжас Әбдіхалық бастаған отандық зерттеушілер тобы баспа сөзіндегі дата-визуализацияның дамуын сараптаған ауқымды ғылыми жұмысын аяқтады. Зерттеу нәтижелері Studies in Media and Communication беделді халықаралық ғылыми журналында жарық көрді.
Ғалымдар «Жас қазақ» республикалық қоғамдық-саяси апталығының 2016–2025 жылдар аралығында жарық көрген 466 санын толықтай зерделеді. Сараптама барысында газет беттерінде жарияланған 1 090 визуалды дата-материал — валюта бағамдары, диаграммалар, инфографикалар, карталар мен сейсмограммалар арнайы жіктеуден өткізілді.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, он жыл ішінде басылымдағы сандық деректердің көлемі 84,7%-ға өсіп, 2016 жылғы 72 бірліктен 2025 жылы 133 бірлікке дейін жеткен. Бұл деректерді визуалды ұсыну тәсілдерінің жай ғана сәндік элементтен баспасөздің тұрақты редакциондық стандартына айналғанын дәлелдейді.
Сонымен бірге редакцияның жұмыс форматы елеулі сапалық трансформациядан өтті: бастапқы жылдардағы мәтінді сандармен сәндеу кезеңінен (2016–2018 жж.) төтенше жағдайлар кезеңіндегі (COVID-19 пандемиясы, Алматыдағы жер сілкінісі, су тасқыны мен экономикалық реформалар) терең аналитикалық дағдарыстық коммуникация деңгейіне көтерілді. Зерттелген контенттің басым бөлігін апталық қаржылық айдар (42,8%), статистикалық кестелер мен карталар (21,7%), сан форматындағы айшықты фактілер (18,9%) және тақырыптық инфографикалар (16,6%) құрады.
Зерттеушілердің пікірінше, бұл ғылыми жұмыс Орталық Азия мен Қазақстанның баспа медиасындағы дата журналистиканың өзіндік моделін қалыптастыруға негіз болды. «Жас қазақ» газеті баспа нұсқасын тоқтатып, онлайн форматқа (jasqazaq.kz) толық көшкенімен, оның жинақтаған 10 жылдық мұрағаты отандық цифрлық медиа үшін маңызды әдіснамалық база қызметін атқара бермек.

JQ-Aqparat

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия