jasqazaq.kz

Шымкент аялдамалары әлемдегі ең ерекше аялдамалары қатарына кірді (фото)

02 қазан 2017, 15:50

Канадалық фотограф Кристофер Хервиг ұзақ жылдар бойғы ізденісінің нәтижесін жариялап, әлемдегі ең ерекше аялдамалар үздігін жария етті.

Бұл туралы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Бүкіл әлемді кезіп шыққан канадалық “ерекше аялдамаларды” тізіп шыққан. Оның бұл кешенді зерттеуіне 25 сурет кіріпті.

Кристофер Хервиг мұндай аялдамаларды кейінгі ұрпақ үшін сақтау керек деп есептейді.

“Олар жетілдіріліп жатыр, жақын арада жоғалып та кететін шығар. Ондай аялдамаларды қазір кім тұрғыза қояр дейсің. Ал олардың әрқайсысы – уақыт туралы жырлап бере алатын тұтас бір дәуірді бойларына сыйдырып тұр”, – дейді автор.

Фотограф құрастырған рейтингке Шымкентпен қатар Тараз, Шарын, Аралдағы аялдамалар да енген.

Шарын

Арал

Тараз

Ал әлем елдерінен Абхазия, Ресей, Балтық елдері, Украина, Қырғызстан, Молдова, Армения аялдамалары бар. Олардың көбісі монументалдық негізде, яғни, белгілі бір архитектуралық идеяға негізделген. Суреттердің ішінде мүсіндік, ерекше формалы, алып өлшемді аялдамалар да бар.

Шымкент

Омск

Иваново

Гагра

Коотси

Эчмидазин

Ставраполь

Бір ай бұрын жарық көрген фото кітап аса көп тиражбен тарап үлгерген.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде