jasqazaq.kz

Шымкент автокөліктеріне «17» нөмірі беріледі

13 шiлде 2018, 15:04

Шымкент қаласының автокөліктеріне «17» мемлекеттік нөмірі беріліп, жүргізуші куәліктеріне «Y» литері басылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін ішкі істер министрінің бұйрығы ресми жарияланды. Оған сәйкес, ведомствоның кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, Шымкент қаласы өңірін белгілеу үшін «17» саны қолданылады. Шымкенттен берілетін жүргізуші куәліктеріне «Ү» литері басылады. Түркістан облысы «13» мемлекеттік нөмірінде және «Х» литерінде қала бермек», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Комитет өкілдерінің айтуынша, аталған бұйрық бүгін ғана ресми жарияланды. Ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң — 24 шілдеде күшіне енеді. «Сол күннен бастап Шымкентте тіркелген көлік құралдарына жаңа мемлекеттік нөмір белгілері беріле бастайды», — дейді комитет өкілдері. Еске сала кетейік, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін берген болатын.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді