jasqazaq.kz

Шымкент әкімі уәдесінде тұрып, қарапайым халықпен бірге автобусқа мінді

17 қазан 2017, 13:09

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өз уәдесінде тұрып, қоғамдық көлікке мінді. Бүгін шаһар тұрғындарының көпшілігі қала мэрін автобустан көріп, таңырқап қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Өз маршрутына үлгеру үшін әкімге тіпті біршама жүгіруге тура келген. Ғабидолла Әбдірахымов тұрғындармен бірге автобусқа отырды.

Адамға лық толы автобус ішінде жастар қала әкіміне орын берген. Алғысын жаудырған ол жолаушылардың сұрақтарына жауап беріп тұрды. Осы орайда қарапайым халық та оңтайлы сәтті қалт жібермей, Әбдірахымовпен суретке түсіп үлгерген. Әкім жолақысына 70 теңге төлеп, билетті сақтап қалуға сөз берді.

Автобусқа мінген тұрғындар өз кезегін күтіп тұрған әкімді бірнеше мәрте суретке түсіріп алыпты.

«Мен өз автобусыма кешігіп қала жаздадым. Әйтеуір үлгердім. Мен мінген қоғамдық көлік өте ыңғайлы екен, жастар да көп жүреді. Жұмысқа 10 минутта жетіп барсам да, көп нәрсе ойлап үлгердім. Студенттік кездерді еске алдым. Шынымды айтсам, көңіл-күйім көтеріліп қалды. Маған сәтті билет тап болды, оны сақтап қоямын деп шештім», — деді өз әсерімен бөлісті Ғабидолла Әбірахымов.

Бір айта кетерлігі, әкім орынбасарлары, ведомство басшылары, сондай-ақ коммуналдық қызмет басшылары секілді барлық мемлекеттік қызметкерлер қоғамдық көлікке жаппай мініп жатыр.

Қызметтік көліктер бір айға әкімдік автотұрағына қойылған. Олардың барлығы мөрленіп, жүргізушілер демалысқа жіберілді.

Естеріңізге сала кетсек, Шымкент әкімі қоластындағы қызметкерлеріне қызметтік көлікті пайдалануға тыйым салған болатын. Енді қымбат көлікпен жұмысқа қатынап үйренген шенеуніктер бір ай бойы автобуспен қатынайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде