jasqazaq.kz

Шымкент әкімі тұрғындардың шағымын тыңдады

06 тамыз 2022, 18:05

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тамыз айындағы азаматтарды бірыңғай қабылдауы кезінде Самал-2 шағын ауданы Малқаров көшесінің ақсақалы аумақтың жол, қауіпсіздік, жарықтандыру мәселелерін көтерген болатын. Бүгін қала әкімі аталған көшеге арнайы барып, тұрғындармен кездесті.

Малқаров көшесінің ұзындығы 1,1 шақырым. Көшеге 2019 жылы асфальтбетон қабаты төселген.

Қоғамдық көлікке қатысты, ауданда 9 бағытта жолаушылар тасымалдануда — Арғынбеков көшесі бойынша №37, №133, №146, №149 бағыттағы қоғамдық көліктер. Өтегенов көшесімен №37, №51, №103, №126, №133, №146, №149 бағыттағы автобустар, ал Қазиев көшесімен №37, №92, №133, №141, №149 бағыттағы қоғамдық көліктер.

Жарықтандыру жұмыстарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында алдымен мектеп, аурухана секілді әлеуметтік мекемелер орналасқан орталық көшелер жарықтандырылатыны айтылды.

Жол қауіпсіздігіне қатысты шағымдарға байланысты бейнебақылау камерасын қою мүмкіндігі айтылып, көше тазалығы мәселесі талқыланды, тапсырмалар берілді.

Самал-2 шағын ауданы 100 пайыз ауыз су, көгілдір отын, электр жүйесімен қамтылған. Сапалы интернет желісімен қамту келер жылы аяқталады. Биыл Ризалық, келер жылы Тынышбай ата көшесі жарықтандырылмақ.

Мұнан кейін Мұрат Әйтеновтің Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, инфрақұрылыммен қамту барысын талқылады. Шағын аудан өткен жылы электр жарығы және ауыз су тартылды. Табиғи газ бойынша ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстары келер жылға жоспарланып отыр. Интернет жеткізу үшін базалық станциясы орнатылып жатыр. Сонымен қатар, елді мекенде 10 көшенің екеуі жарықтандырылған. Осы жылы 1 көше, келесі жылы 2 көшені жарықтандыру жоспарға енген.

Биыл емханаға баратын ұзындығы 1 шақырым жолға асфальтбетон төселді. Кешенді жоспарға сәйкес 2023 жылы жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайтын Қайыңды, Дарабоз, Қапланбек, Таң нұры, Кеңістік және Имантау көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Шағын ауданға №55, №19, №138, №66, №146 автобустары қатынауда. Барлық қоғамдық көліктер шағын ауданды толық қамтып, орталық көшелерінде кестеге сәйкес қызмет көрсетеді.

Тұрғындар сауалдарына жауап берген қала әкімі, негізгі мәселелердің шешімі мен мерзімін жеке-жеке түсіндіріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. Жерді заңдастыру бойынша арнайы комиссия құрылып, әрбіріне жеке тоқталатыны түсіндірілді.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде