jasqazaq.kz

Шымкент әкімі қашықтан жұмыс істеуге көшті

15 маусым 2020, 17:41

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың COVID 19 вирусын жұқтырғаны мәлім болғаннан кейін, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қауіпті вирусқа тест тапсырған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Елжан Біртанов 10 маусым күні Шымкент қаласында құрылысы аяқталған инфекциялық госпиталь ғимаратымен арнайы танысуға келген болатын. Министрдің COVID 19 вирусын жұқтырғанын білген соң, Шымкенттің әкімі тағы тест тапсырған.

«Соңғы рет кеше, жексенбіде тапсырған тест нәтижесі теріс болып шықты. Соған қарамастан Мұрат Әйтенов адамдар көп шоғырланатын жерге шықпай, өз кабинетінде қашықтан жұмысын жалғастыруда. Ал жиындарды онлайн режимде өткізіп отыр. Яғни, сақтық шаралары өз деңгейінде сақталуда. Жалпы, Мұрат Дүйсенбекұлы тұрақты түрде аптасына бір-екі рет COVID 19 вирусына тест тапсырып тұрады. Бүгінде оның денсаулығына төнген қауіп жоқ», делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде