jasqazaq.kz

Шымкент әкімі бас дәрігерге сөгіс жариялады

06 сәуiр 2019, 18:51

Шымкент қаласында клизмадан күйіп қалған балаға қатысты аурухананың бас дәрігеріне тағы тәртіптік жаза қолданылды.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаевқа сөгіс жарияланды, — деп хабарлайды Otyrar.kz. Сондай-ақ, 6 сәуірде Шымкентте өткен басқосуда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің төрағасы Ж.Бекшин Шымкент қаласының әкімі мен денсаулық сақтау басқармасының басшылығына жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің қызметіне сәйкестігін, лауазымына лайықтығын қарастыру туралы ұсыныс беретінін айтқан болатын. Еске салайық, 28 наурызда 10 айлық бөбекке қайнаған сумен клизма жасаған медбике тікішегі мен жамбасын күйдірген еді. Сәби қазір Алматыдағы арнайы орталықта ем алып жатыр. Дәрігерлер оның қазіргі жағдайы орташа тұрақты деп отыр.​

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда