jasqazaq.kz

Шымкент: 23 колледжге мемлекеттік тапсырыс орналастырылды

29 маусым 2022, 15:30

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева 2022-2023 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдауды ұйымдастыру барысы туралы брифинг берді.

Брифингте сөз алған Жанат Тәжиева Мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын тізімге енді 23 колледж енгенін жеткізді. Қаласы бойынша 2022-2023 оқу жылына барлығы 12 137 мемлекеттік тапсырыс бекітілген. Оның ішінде, 1 052 орын педагогикалық бағытта, 717 орын өнер және мәдениет бағытында, 1143 орын медициналық бағытта, 9252 орын техникалық, технологиялық және қызмет көрсету бағытында болмақ.

–Жаңа оқу жылында жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды нысаналы даярлау жаңалығы енгізілуде. Кәсіпорын мен колледж арасында шарт жасалып, өз базасында студенттердің практикасын ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелерді алады. Биыл кәсіпорындардың тапсырысы негізінде шымкент қаласы бойынша 1 434 талапкерді қамту жоспарлануда. Нысаналы грант бойынша 152 кәсіпорыннан өтінімдер келіп түсті,-деді Жанат Арысбекқызы.

Биыл шаһардағы 37 колледжге құжаттарды қабылдау 25 маусымнан басталды. Оның ішінде, мемлекеттік тапсырыс негізінде 71 мамандық, 192 біліктілік бойынша құжаттар қабылданады. Құжаттар Egov.kz электронды үкімет порталы (www.egov.kz) және «CollegeSmartNation» ақпараттық жүйесі арқылы (www.college.snation.kz) қабылданады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурс:
–9-сынып талапкерлері арасында 25 маусым және 18 тамыз аралығында;

–11-сынып және колледж түлектері арасында 25 маусым мен 20 тамыз аралығында;

–өнер және мәдениет мамандықтарына түсетіндер үшін байқау 29 шілде мен 2 тамыз аралығында өтеді.

Жалпы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына талапкерлердің құжаттарын қабылдау мерзімдері:
–білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және Рухани (діни) білім беру ұйымдарына 25 маусым мен 25 тамыз аралығында;

–орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлайтын колледждер мемлекеттік тапсырыс негізінде құжаттарды қабылдау 9 сынып базасында 25 маусым мен 18 тамыз аралығында;

–11 сынып және ТжКББ кейінгі білім базасында 25 маусым мен 20 тамыз аралығында;

–шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша 25 маусым мен 20 шілде;

– педагогикалық мамандықтар бойынша 25 маусым мен 15 тамыз аралығында құжаттар қабылданады.

Конкурс процедуралары «CollegeSmartNation» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетін болады.

Тоқтар Жақаш

21 мамыр, 18:30
В Туркестане обсудили итоги саммита и экономику региона
21 мамыр, 18:28
Данияр Әлиев: Ұлттық мәдениет – ұлттың тарихи жадын сақтайтын рухани құндылық
21 мамыр, 16:56
Жанат Шардарбекова: Библиотека - культурное пространство, объединяющее представителей разных поколений
21 мамыр, 16:46
Әділ Әуелбеков: Равенство в качестве образования — главный показатель гармоничного развития
21 мамыр, 16:15
Қуаныш Бақытұлы: Алматы облысы - инвестиция тартуда белсенді өңірлердің бірі
20 мамыр, 21:15
Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады
20 мамыр, 15:12
Алматыда жылу желісін жасанды интеллект бақылайды
20 мамыр, 14:05
Туркестанская область усиливает инвестиционную привлекательность
20 мамыр, 13:59
Туркестан: Теплицы обеспечивают 45% потребности страны в межсезонный период