jasqazaq.kz

Шымкент: 109 біріңғай орталығында тұрғындардың ұсынысы орындалуда

16 мамыр 2022, 15:48

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен бүгінгі аппараттық мәжілісте тұрғындар өтінішінің орындалу барысы талқыланды.

Мәжілісте «i-Shymkent» ситуациялық орталықтың басшысы А.Әміртаев сәуір айында тұрғындар тарапынан 109 бірыңғай байланыс нөміріне келіп түскен өтініштер мен ұсыныстардың орындалу барысын баяндады.

Өткен айда барлығы 9967 арыз-шағым келіп түскен. Аталған өтініштердің 9407-і орындалған болса, 500-ден астам сауал қаралуда.

«Келіп түскен сауалдардың басым көпшілігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиесілі. Сәуір айына бұл саладағы өтініштердің 96 пайызына жауап берілген. Жалпы жыл басынан бері осы сала бойынша тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдарды орындау нәтижесінде 4467 қоғамдық көлік мәселесі шешімін тауып, мәселелер 15 пайызға төмендеді. Сонымен бірге заңсыз орнатылған 47 жарнама алынып, 157 жол белгілері қойылып, жолақтар сызылды. 84 көшеге асфальт төселініп, ойық жерлер қалпына келтірілді»,-А. Әміртаев.

Жиында қала басшысы аталған орталық халықпен кері байланыс орнатудың тиімді құралы екенін айтып, кез-келген өтінішке дер кезінде жауап беруді және сол шағым бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне тапсырды.

Жуырда жаңадан i-shymkent.kz порталы іске қосылды. Бірыңғай орталықтандырылған сервис қала тұрғындарына, бизнес өкілдері мен қонақтарына үйден шықпай-ақ бірыңғай цифрлық жүйеде түрлі қызметтерді алуға көмектеседі.

Қызметтерді онлайн алуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға арнайы ашылған фронт-офис қызметкерлері барлық қызмет түрін алуға көмектесіп, бағыт-бағдар береді.

Қазіргі таңда 70 түрлі қызметтер мен сервистер, оның ішінде коммуналдық қызметтер де көрсетілуде. Жақын арада 20 мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкіншілігі іске қосылады.

Қала тұрғындары сумен жабдықтау және су бөлу жүйелеріне объектілерді қосуға арналған техникалық шарт алуға, тегін жеке және заңды тұлғаларға цифрлық даму бойынша оқуға өтінім беруге, автобус паркіне жұмысқа орналасу, интернет қостыруға өтінім (жеке және заңды тұлғаларға), тағы да басқа қызметтерді фронт-офис қызметкерлері немесе онлайн портал арқылы ала алады.

Жақын арада қала әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауына онлайн жазылуға мүмкіншілік пайда болады.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр