jasqazaq.kz

Шымкент: 7 мыңнан астам тұрғынға өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

01 қазан 2024, 14:01

Шымкентте жылыту маусымы қарсаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздік айлығы» өткізілді. Бұл шара тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ұйымдастырылып, өрт қаупін азайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Эльмира Ережепова баяндады.

Өткен маусымда, 2023-2024 жылдары, қатты отын пайдаланғанда улы газбен уланудың 5 жағдайы тіркеліп, 4 адамның өмірі қиылды. Бұл көрсеткіш 2022-2023 жылдармен салыстырғанда 44%-ға төмендегенімен, жарақат алғандардың саны артты. Осыған байланысты, жергілікті билік тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, жаңа жылыту маусымы алдында сақтық шараларын қайта қарады.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімов жылыту маусымына арналған өрт профилактикалық жұмыс» жоспарын бекітті. Қаладағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысында құзырлы органдарға нақты тапсырмалар беріліп, шаралар хаттамаға енгізілді.

Қалада өрт және улану қаупінің алдын алу мақсатында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік желілерде 120, ал бұқаралық ақпарат құралдарында 25 материал жарияланып, олардың ішінде 10 басылымда, 6 телеарнада және 9 радиода материалдар жарық көрген.

Эльмира Ережепованың айтуынша, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 3500 үйге аралау жүргізіліп, 7 мыңнан астам адам қамтылған. Оқу орындарында 1000 оқушыға арналған 34 интерактивті сабақ өткізілген. Әлеуметтік жағдайы төмен 2222 отбасыға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 3541 адамға арнайы жадынама парақшалары таратылған. Бұл отбасылардың үйлеріне қайта аралау жұмыстары да жалғасуда.

Әлеуметтік осал топтардың қауіпсіздігін арттыру үшін 81 үйге газ анықтағыш құрылғылар орнатылған. Қала әкімдігі мен жеке кәсіпкерлер арасында меморандумдар түзіліп, 125 газ анықтағыш құрылғы сатып алынды. Барлық осал топтарды газ анықтағыш құрылғылармен қамтамасыз ету мақсатында меморандумдарды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, тұрғындарға апта сайын улы газбен уланудың алдын алу бойынша СМС-хабарламалар жіберіліп отырады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды