jasqazaq.kz

Шымбұлақтың болашағы жарқын

13 тамыз 2019, 11:41

    Алдағы қысқы маусымда Шымбұлаққа келушілер саны артады. Өйткені тау қойнауы жергілікті тұрғындардан басқа Алматы қонақтарын да қызықтырып отыр. Бұл туралы Ресейдегі «Роза Хутор» курорты Бас директорының халықаралық қатынастар және туризм бойынша орынбасары Сергей Хворостяный алматылық бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде хабарлады.

Былтыр екі курорт арасында достық қарым-қатынас орнап, тиісті құжатқа «Роза Хутор» ЖШС бас директоры Сергей Бачин және «Chimbulak Development» ЖШС бас директоры Ержан Еркінбаев қол қойған болатын.

Екіжақты келісім аясында былтырғы жылдың өзінде екі курорттың әлеуетін арттыруға арналған бірнеше іс-шаралар өтті. Достық қарым-қатынасты әрі қарай дамытуға келген «Роза Хутор» курортының өкілі С.Хворостяный болашақтағы жоспары мен нақты өткізілетін арнайы шараға тоқталды. «Роза Хутор» тау курорты XXII Қысқы Олимпиада ойындары мұрасының негізгі нысандарының бірі болып табылады. Біздің курорт жыл бойы белсенді және әр түрлі демалыс мүмкіндігімен туристерді тартады. Жазда бұл таудағы жаяу маршруттар, «Родельбан» сынды қызықты ойын-сауық, аспалы көпір және биік таулы әткеншектер. Қара теңіздегі курорттың жеке жағажайы туралы бөлек айта кеткен жөн. Қыста тау шаңғысы спорты әуесқойлары үшін курорт аумағында 29 арқанды жол жұмыс істейді, ал тау шаңғысы трассаларының жалпы ұзындығы 102 километрді құрайды. Өткен жылы «Роза Хутор» курорты «Шымбұлақ» тау курортымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық аясында «Роза Хутор» курортында демалушыларға ерекше әсер қалдырған «Шымбұлақтың» күндері өтті. Басты алаңда киіз үй орнатылды, онда барлық тілек білдірушілер қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты, қонақтарға Қазақстанның әртістері өнер көрсетті, сондай-ақ фотокөрме де ұйымдастырылды. Біздің «Шымбұлақ» курортымен жалғасын табатын ынтымақтастығымыз Қазақстан мен Ресей арасында туристердің алмасуын еселеуге ықпал ететініне сенімдіміз», — деп атап өтті «Роза Хутор» ТК халықаралық қатынастар және туризм жөніндегі Бас директорының орынбасары Сергей Хворостяный. Жиын барысында ресейлік қонақтар «Шымбұлақ» тау курортының болашағы жарқын екенін тілге тиек етті. Меморандумның талаптарына сәйкес, қазақстандық және ресейлік тау шипажайларының әкімшілігі туризм және демалыс саласындағы бірлескен жобаларды, конференцияларды, семинарларды және басқа шараларды өткізу үшін барлық қолда бар тетіктерді пайдаланады. Сонымен бірге өзара ақпараттық, оқу, әдістемелік және кеңестік қолдау көрсету жоспарлануда. Мұндай қызметтің маңызды сәті статистикалық, анықтамалық материалдар мен басқа да мәліметтермен бөліседі.

Бұл курорттарға таудағы жыл бойғы демалыс ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектеседі. Бұл болашақта қазақстандықтардың арасында Роза Хутордың, ресейліктердің арасында Шымбұлақтың танымалдығын арттырады. Тараптардың өкілдері туристердің қалауы мен қажеттіліктерін зерттей отырып, қазақстандықтарды, ресейліктерді және басқа мемлекеттер өкілдерін серіктес курорттарға тарту стратегиясын әзірлейді деп үміттенеді. Екі курорттың арасындағы достық қарым-қатынастың жандануы арқылы екі елдің туристеріне демалысын тиімді өткізуге арналған түрлі жеңілдіктер қарастырылатынын да атап өтті. Туризмді дамытып, туристерді тартудың басты міндеті ақпарат алмасу, демалушыларға сапалы қызмет көрсету екенін де айтылды. Алдағы уақытта екі ел курорт арасында туризмді дамыту бойынша басқосулар жиі өтетін болады.

Мақпал Ноғайбаева

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда