jasqazaq.kz

«Шымбұлақта» сырғанау биыл ерте басталады

31 қазан 2017, 13:10


«Шымбұлақ» курортында тау шаңғысымен сырғанау маусымы биыл мерзімінен ерте басталмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тау шаңғысымен сырғанау тұжырымдамасы бүтіндей өзгертілген. Бұған дейін трассалар бір уақытта іске қосылатын еді. Енді курорт басшылығының шешімімен трассалар кезең-кезеңімен іске қосылмақ. Мысалы, биылғы маусымда бірінші «Солтүстік Талғар» трассасы ашылады, онда сырғанау бағасы 4000 теңге. Одан кейін шатқалдардың дайын болуына байланысты «Комби2», «Комби1» трассалары ашылады. Айта кетейік, тарифтік саясат өзгерген жоқ, қызмет көрсету  бағалары өткен жылдағыдай қалдырылды», делінген хабарламада.

Курорт әкімшігінің хабарлауынша, 2017 жылдың жазында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуіне байланысты Шымбұлақта келушілер саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Мысалы, тек бір күнде, 30 шілдеде курортта  8 724  адам болған. 2017 жылдың мамыры мен қыркүйек айлары аралығында 246 мың 527  адам аспалы жолды пайдаланған.

Курорт әкімшілігі биыл тағы бір жаңалық  енгізіліп отырғанын хабарлады. Енді келушілер алғаш рет маусымдық скипасс ( сырғанау абонементтері, — ред)ала алады. Бұл абонементке қол жеткізгендер 2017-2018 жылдары күндіз және түнде де аспалы жолдарды және курорттың басқа да  қызметтерін пайдалана алады. 10  қарашаға дейін барлық маусымдық сырғанауларға 25% жеңілдік беріледі.

«10  қарашаға дейін маусымдық абонементі: 115 000 тг (балаларға), 160 000 тг (жастар), 220 000 тг (үлкендер) сатып алуға болады. Жеңілдіксіз абонементтер бағасы 290 000 тг (үлкендер), 210 000 тг (жастар) және150 000 тг (балалар)», — делінген хабарламада.

Шымбұлақта биыл жалға беру бөлмелерінің де саны артып отыр. «Қазіргі кезде үш тілде ( қазақ, орыс, ағылшын )шығатын жаңа сайт  жасалу үстінде,  мұнда фотолар,видеогалереялар және күнтізбе болады. Сайттың мобильді нұсқасы да жасалады, ол үшін  мобильді қосымшалар үшін скипастар сатып алынады», — делінген хабарламада.

 

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде