jasqazaq.kz

Шымбұлаққа шығатындар көбейеді

23 қантар 2019, 17:07

     Биыл «Шымбұлақ» тау курортында отбасылық демалысты қызықты өткізуге бағытталған жаңа ойын-сауық нысандары ашылады. Бұл туралы Shymbulak Development ЖШС маркетинг бөлімінің жетекшісі Владислав Семенов хабарлады. Сондай-ақ, ол Ресейден туристер тарту мақсатында Сочидегі «Роза Хутор»  демалыс орнымен ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Жиын барысында шаңғышы журналист Андрей Кукушкин «Роза Хутор» демалыс орнымен келісімге келу «Шымбұлақ» тау курорты үшін сәтті бастама екенін атап өтті. Меморандум тау курортының танымалдығын арттыру, тау туризмі саласын дамыту, спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын насихаттауды  көздейді. В.Семеновтың айтуынша, «Шымбұлақ» пен «Роза Хутордың» қонақтарына жеңілдіктер қолданылады. Мысалы науқан шеңберінде курорттардың бірінде апталық ski-pass сатып алатын туристер осы курортта  немесе оның әкімшілігі ұсынған қонақ  үйде тұрған жағдайда  серіктес курорттан тегін бір апталық ski-pass алу құқығына ие болады.

Екі жақты келісім барысында ерекше оқиғалар мен күндерге Серіктес курорт күніне орайластырылған арнайы мекемелерді өткізуді көздейді. Мұндай күндері «Роза Хуторда» демалатын туристер «Шымбұлаққа» арналған фотокөрмелерді, шығармашылық ұжымдардың концерттерін тамашалайды және қазақ ұлттық тағамдарын татып көруге мүмкіндік алады деп жоспарлануда. Өз кезегінде Іле Алатауындағы ең көне және ең танымал тау курорттары бірінің қонақтары Сочидегі 2014 жылы олимпиада мұрасының ең ірі нысаны болып табылатын Ресей курортының тақырыптық күндеріне қатысуға мүмкіндігі бар. Осының барлығы Қазақстан мен Ресейдің туристік бағыттар ретінде танылуына ықпал етеді.

«Роза Хутор» демалыс орнына өткен жылы 2 млн 200 мың адам адам келсе, «Шымбұлаққа» 800 мыңнан аса адам  келген. Көрші елдің демалыс орнына жаз мезгілінде келушілер 50 пайызды құрайды екен. Осы орайда «Шымбұлақ» тау курорты жаз мезгілінде отбасылық демалысқа арналған бірқатар жаңа жобаларды іске асыруды көздеп отыр.

Мақпал Ноғайбаева

Фото: Ғалия Қалиева

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде