jasqazaq.kz

Шымбұлақ, Медеу жолында дала өртеніп жатыр

13 тамыз 2019, 11:30

Алматыда Медеу ауданында тағы да дала өртеніп жатыр. Бұл жолы жалын Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолды шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Горельник лагерінің жанындағы құрғақ ши өртеніп жатыр. Оқиға орнына арнайы техника өрт сөндіру жасағы, құтқарушылар аттанды», — делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада. Айта кету керек, 11 тамызда Көктөбе бөктерінде құрғақ ши өртенген болатын. Оны сөндіруге бірнеше тікұшақ жұмылдырылды. Оқиға болған жерге көп ұзатпай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев келді. Кейін арада бірнеше минут өткен соң сол аймаққа жақын жерде тағы бір өрт тұтанды. Бұл жолы тілсіз жау Диваев көшесіне жақын болды. Қызыл жалын 1000 шаршы метр аумақты жалмаған. Сол жерден өрт сөндірушілер бір адамның денесін тауып алды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда