jasqazaq.kz

Шүкеев көкөністі арзандатуға уәде берді

30 қантар 2019, 17:04

Премьер-министрдің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев көтерме орталықтары арқылы көкөніс бағасын төмендетуге уәде берді.

«Шымкентте маусымында сәбіз бағасы (бір келі) 43 теңге болады. Астанаға жеткенше — 150 теңге болады. Үш есе қымбаттайды, себебі арасында делдалдар көп. Сіз бізге ірі қалаларда көтерме-таратушы орталықтар желісін дамытуды тапсырған едіңіз. Бұл бағытта Қарағанды облысы жақсы жұмыс істеп жатыр. Наурызда көтерме-таратушы орталықты 72 мың шаршы метрге жеткіземіз. КТО бірден үш делдалды қысқартады: сатып алушы, көтерме сатып алушы және ұсақ көтерме сатып алушы. Сол кезде ірі қалаларда баға түсетін болады», — деді Шүкеев үкіметтің кеңейтілген отырысында. Президент осы бағытта белсенді жұмыс атқаруды тапсырды. «Егер сіздер егін уақытында қажетті алаңды дайындайтын болсаңыздар, қыстың кезінде де тұрақты бағамен сатуға мүмкіндік аласыздар», — деді Назарбаев. Өмірзақ Шүкеев осындай орталықты Астанада құру жоспары барын айтты.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде