jasqazaq.kz

Шығыста қар жауады: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

29 қыркүйек 2022, 16:55

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжауынша, 30 қыркүйек күні еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік антициклонның әсерінен елдің солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

«Қазгидромет» РМК:

Атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР батысында жаңбыр, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығысында қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік- шығыстан жел соғады, түнде күші 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -6…-8°С, күндіз +3…+5°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауаның температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +15…+17°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +23…+25°С болады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр