jasqazaq.kz

Шығыста бірқатар жолдар жабылды

30 желтоқсан 2018, 22:38

Жайсыз ауа райына байланысты өңірде бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК-ға сілтеме жасап.

«Қазақавтожол» компаниясының мәліметінше, 30 желтоқсан күні сағат 16:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты ШҚО-да «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар жолдың 756-906 шақырымы, Семей қаласынан Қалбатау кентіне дейінгі аралығында барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылған. Сонымен қатар, сағат 18:00-де «Алматы-Өскемен» жолының 977-1 068 шақырымы, Қалбатау кентінен Қасым Қайсенов ауылы аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды. Жолдың жабылуына бұрқасын, айналаның көрінбеуі себепші болған. Осиновский асуындағы қауіпсіздікті сақтау үшін «Өскемен-Алтай-Рақман қайнарлары» жолы тіркемесі бар жүк көліктеріне жабылды. Бұл жолдың 46-66 шақырымы, Северное ауылы мен Серебрянск қаласының аралығы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде