jasqazaq.kz

Шығысқа неге көңіл бөлінбейді?

29 шiлде 2021, 12:23

Өткенде әлеуметтік желіден бір журналист қыздың бейнежазбасын көрдім. Онда біздің шығыстағы 5 ауданның қазіргі жағдайына байланысты әңгіме қозғалыпты. Өткен ғасырдағы 90-жылдарының басында Кеңес үкіметі құлағаннан кейін, қаншама жылдардан бері тас бөгеттен өте алмаған судай сарқырай көшкенін бүгінгі күні елдің бәрі де біледі. Ол кезде «ешкімде елімді, жерімді тастайын» деп болмаса, «жұмаққа барайын» деп жайлы жер іздеп көшкен жоқ. Келешектен үміт күтіп, балаларын оқытайын, білім алсын деп көшкенін жасырмауымыз керек. Сол кезде алдағы күннен үміт күтіп артынып-тартынып, көшіп келгендердің алдынан ешкімде құшағын жайып қарсы алмағаны да айдан анық, күннен де жарық болып көрініп тұрады. Әркім өзінің шамасына қарай жер алып, үй салды. Банктерден несие алып, қарызға батты. Кейбір ағайындар сол қарыздарын әлі де толық өтей алмай жүр. Оның үстіне, жығылғанға жұдырық дегендей, қымбатшылық жағадан алғаны да рас. Бірақ қарапайым халық алдынан қандай қиыншылық кездессе де, жанын жалдап, тісін қайрап ешкімге де қол жаймай, өз күндерін өздері көріп келеді. Шындығын айтқанда, дәл қазір олардың артта қалған ауылға мойнын бұрып қарауға шамалары да уақыттары да жоқ. Бір ағайын туысы қайтыс болғанда немесе басқа уақытта болмаса, бара алмайтыны белгілі.

Мен Зайсанның елді мекендерінің бірінде сол шырайлы шығыстағы Зайсан елді мекендерінің бірі – Сертерек деген ауылда туып-өскен соң ауыл жаққа құлақ түріп, елеңдеп жүретіндердің бірімін. Сол себепті манағы бейне жазбаны көргеннен кейін, астымнан су шыққандай тыныштық тауып жүре алмадым. Содан кейін осы Алматыдағы өзім білетін жиындарға хабарласып, «ауылға көмек берейік, не істей аласыңдар» деп сұрастыра бастадым. Әйтіп-бүйтіп жүргенде, арада 1 айдан аса уақыт өтіп кетті. Ешкім ештеме демеді. Кейбір жағдайы жақсы ағайындар «көрейік, ойланайық» деді де қойды. Басқа ешкім де тырс етіп үндемеді. Мен бұған шыдай алмадым. Барғым келді. Не болса да, көзіммен көргім келді.

ІІ вокзалға бардым. Алматы-Өскемен пойызына билет жоқ. Тіпті осы алты айдың соңына дейін билет жоқ деді. Барахолкадағы «Кенжехан» базарынан Алматыдан Күршімге автобус аптасына бір-ақ рет қатынайды екен. Ол да кетіп қалыпты. Кеште таныс балалар Өскеменге телефонмен хабарласып, билет алып берді. Ертеңінде бөлемнің баласы қаланың Марқакөл бағытына қарай шығатын жолға шығарып салды. Бұрынғыдай аудандарға жүретін автобустар жоқ. Жеке көліктерді күтуге тура келеді. Қаланың шығыс жағындағы кіреберісінде ақ таспен оюлап жазған «Өскемен» деген жазу

тұрды. Көзге алыста әдемі көрінеді. Біраздан соң баяғы кеңес заманынан қалған ескілеу «Жигули» келіп тоқтады. Жүргізушісі егде біраз жасқа келген адам. Ақша сұрамады. Жеткенше әңгімелесіп келдік. Ол кісі мені бір ауылдың ішіне әкеліп түсіріп кетті. Арада біраз уақыт өткенде тағы бір мәшине келіп тоқтады. Самарға барады екен. Ол да жасы ұлғайып қалған адам. Мен рахметімді айтып, Тайынтының бұрылысынан түсіп қалдым. Әлгі жерде көлік күтіп, біраз отырдым. Мәшинелер ұзын жолдың бойымен өтіп кетіп жатыр. Біреуі бері бұрылса екен деп тілеп отырдым. Ешқайсысы бұрылатын емес. Отыра бергенше, ақыры баратын жерім ғой, жүре берейін деп едім. 100 метрдей жүрген соң алдымнан ауыл көрінді. Алдымнан кездескен көліктің жүргізушісінен сұрасам, мен іздеп келе жатқан ауылдың өзі екен. Абзал мектепте жүр деді де кете барды. Ауылдың ортасында екі қабатты мектеп бар екен. Қасынан өте бергенімде Төлеухан деген дауысқа елең етіп қарасам, Абзал бөлем жолымда жымиып күліп тұр. Сағынысып көріскеннен болар, құшағымыз айқаса кетті. Мектептің ішкі және сыртқы жұмыстарына жауапты екен. Бала саны бұрынғыдан гөрі, азайып қалды деді. Бір жақсысы, мектеп жабылмапты. Ауыл үйлері әбден тозған. Ескірген. Сонда да тіршілік бар. Сырттан ешқандай көмек болмаса да, әрқайсысы өз күндерін өздері көріп отыр. Кешкісін өрістен мал келді. Қойдың кезегін бағып келген жігіт көңілді. Әркім өз қойларын бөліп алған соң, ол үйіне кетті. Біраздан соң өрістен сиырлар келді. Бөле келін Гүлбану екі сиырын сауылған алған соң, кешкі асты дайындауға кірісіп кетті. «Ол жерде телефон ұстамайды, байланыс жоқ» деген соң, ауылдың шетіндегі жотаға шықтым. Ой, Алла не деген ұқсастық десеңізші, әлгі жердің тасына дейін Бурабайдан аумайды екен. Жері де қарағайлары да Бурабайдың бір бөлігін осы жерге көшіріп, әкеліп қойғандай. «Мына жақта көл бар», – Абзал бөлем.

— Жақын ба? – дедім мен қызығушылығым артып. Оған мәшинемен бару керек, — деді ол. Түнде жатар алдында ертең мал сояйын бас жеп кет, — деді ол күліп.

— Қойшы, оны мына ыстықта сойып қайтесің, біреу болса да өсе берсін, қысқа да азық керек қой. Біздің жақтың қысы ұзақ екенін өзің де білесің дедім мен.

Ертеңінде таңертең ерте оянып кеттім. Ұйқым қанып қалыпты. Есік алдына шықсам, Абзал бөлем бір дәу қойдың терісін сыпырып жатыр. «Ой, мұның не?» — десем, біз көлге барып, қайтқанша, пісіп дайын тұрады деді. Бір жақын көршісінің жеңіл мәшинесі бар екен. Таңғы шайдан кейін көлге

бардық. Бұл жерде шағын үйлер бар екен. Жаңадан вагондар әкелініп, қойылыпты. Келіп, демалам деген адамдарға жақсы жағдай жасалған. Өкінішке қарай, келушілер өте аз. Жер шалғай алыс демесе, мына іргедегі Көлсайдан ешкем емес. Туризм мен қонақ күтуге сұранып-ақ тұр. Ауасы таза салқын, таңғалып, тамсанып кері қайттық. Сол демалыс аймағының қарауылда Абзал бөлемнің туған құдасы екен. Мен мына жердің жарнамасын жасап, демалушыларды шақырайын деп қоштастық. Біз үйге келсек, түскі ас дайын болыпты. Жас ет жеп, сорпа ішіп болған соң, көршісі асқа бата жасады. Содан кейін, мені олар Күршімге баратын жолға дейін шығарып салды. Біраз уақыт өткен соң, бір көлік келіп тоқтады. Зайсанға барады екен. Менің ойым, бірден өзгерді. Бұл маған Алла бұйыртқан мүмкіндік шығар деп ойладым да, Зайсанға тартып кеттім. Өзім туған ауылымда болып, ертеңінде таңертең әкеме, қарындасыма, қайтыс болған құдама Құран бағыштадым.

Сартерек, Қаратал ауылдарында да болдым. Зайсандағы өзімнің журналистік жолым басталған аудандық «Достық» газетіндегі ағайындарға сәлемдесіп, кіріп шықтым. Бір қуаныштысы, Зайсан ауданы халқының жағдайы өте жақсы екен. Өзіміздің туған ауылда екі күн болып, Марқакөл ауданына қарай бет алдым. Менің 25 жас өмірім — Зайсан жағында өтсе де, Ертісте Марқа жағына өтіп көрмеппін. Алла бұйыртып, енді, міне, Марқа өңіріне де жолым түсті. Ендігі әңгімеміз Марқа өңірінен ары қарай жалғаспақ.

Төлеухан Бідірәлі,

тәуелсіз журналист, саяхатшы

Фото: Хабар 24

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия