
Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы жергілікті демалыс аймағында үш үй, жақын маңдағы аумақ пен орман отқа оранды. Бұқтырма су қоймасы жағалауында өрт шықты. Яры демалыс базасы отқа оранды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті жалын үш үй (адамдар тұрмайды) мен орманды шарпығанын хабарлады. Төтенше оқиға орнына өрт бөлімінің құтқарушылары, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, орманшылар мен жергілікті тұрғындар жетті. Жалпы саны – 21 адам. Ірі өрттің жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Еске сала кетсек, 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында «Семей орманы» резерватында ірі өрт шықты. Жалын мемлекеттік орман қорының аумағын да шарпыды. Құтқарушылар өртті 25 сәуір күні ауыздықтады. 3 948 гектар аумақ отқа оранды.