jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстанда бұзақылық жасаған полицей мен оны жасыруға тырысқан әріптестері жұмыстан қуылды

21 желтоқсан 2021, 14:10

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған полицей қызметінен босатылды, деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы ІІД бастығы Сағат Мәдиев. Бұл жайында Stan.kz.

Қараша айында Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қызметкері жұмыстан тыс уақытта бұрыннан таныс жергілікті тұрғынмен сөзге келіп қалып, оған қатысты «бұзақылық әрекеттер» жасаған.

«Біз бұл фактіні дереу назарға алып, сол күні, яғни 30 қарашада аталған қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, ол бойынша мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — деді Сағат Мәдиев.

Оның айтуынша, бұл деректерді тіркеу кезінде қажетті шараларды қолданбаған полиция бөлімінің тағы үш қызметкері де қызметтен босатылды. Сонымен қатар аудандық бөлім басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, басшының кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен шеттетілген.

«Құқық бұзушылыққа жол берген сондай-ақ қоғам тарапынан негізді сынға ұшыраған лауазымды тұлғаларға ішкі істер органдарынан шығару шаралары қолданылады және бұл біздің басты ұстанымымыз», — деп атап өтті полиция департаментінің бастығы.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр