jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстанда барымташы үш миллион теңге тұратын жылқыны атып тастаған

24 қараша 2021, 15:37

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер аңшы мылтығымен қаруланып қаланың сыртына шығып, егесінің назарынан тыс жүрген жылқыны атқан Өскемен қаласының тұрғынын қолға түсірді. Ер адам полицияны көрген бойда өзінің жол талғамайтын көлігіне мініп қашып кетпек болған, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Қырық жас шамасындағы ер адамды патрульдер құрықтаған.

Тәртіп сақшылары бағыт бойынша келе жатып, кенет жол талғамайтын көлікті байқаған, оның жүргізушісі полицейлерді байқаған сәтте тас жол арқылы із суытпақ болған. Алайда қуғын ұзаққа созылмаған. Toyota Land Cruiser-дің жақсы жүрісіне қарамастан, көлік қар мен лайда тұрып қалады.
Полицейлер көлікті тексерген кезде кабинадан 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық пен ондаған оқдәрілері бар патрондар белбеуін тапты. Іздеу басталған жерге оралған патрульшілер жартылай жіліктелген жылқының етін көреді.

Жануар сол маңда орналасқан шаруа қожалықтарының бірінің иесіне тиесілі екені белгілі болған. Шаруаның сөзінше, күдікті оған үш миллион теңге шамасында шығын келтірген.

«Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Мар ұрлығы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот қаулысымен күдікті қамауға алынды», — деді Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.

Полиция аталған бап бойынша күдіктіні жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұрғанын қосып өтті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде