jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстанда 48 гектарға жайылған дала өрті сөндірілді (Видео)

14 сәуiр 2022, 15:11

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында 48 гектарға жайылған ірі өрт ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы тәулік ішінде өңір бойынша 5 өрт шыққан. Семейдегі Связистов кентінде орналасқан саяжай отқа оранды. Жалпы ауданы 35 шаршы метрді құраған жалын кіреберісті, терезе, есік блоктары мен шатырды шарпыған. «Бесқарағай ауданында 48 гектар алаңда шөп өртенді. Тілсіз жау сол маңдағы шаруа қожалығының ғимараттары мен 70 тонна пішенге жайылып кеткен. Өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін», — делінген ақпаратта.

Аягөз қаласы Дүйсенбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласында балалар қураған ағашты өртеген. Лезде жан-жаққа тараған жалынның аумағы 35 шаршы метрге жетіп, сол маңда салынып жатқан үйге қауіп төнді. Құтқарушылар жедел көмекке келіп жетіп, өртті сөндірді. «Өскеменде Зайсан көшесіндегі жер үйде өрт болды. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 100 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілер үйден 4 газ баллонын шығарып үлгерді», — делінген хабарламада. Сондай-ақ Шемонаиха ауданында жер үй мен шаруашылық қора-жай өртенген.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр