jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстанда 250-ге жуық үй қызыл судың астында қалды

26 наурыз 2018, 22:31

Шығыс Қазақстанда 250-ге жуық үй қызыл судың астында қалды Зардап шеккендердің дені Глубокое ауданы мен Шемонаиха қаласында. Құтқарушылар 750-ден астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшіріпті. Көпшілігінің баспанасы құлап, енді тұруға мүлдем жарамсыз болып қалған. Ертеңіне алаңдаған тұрғындарға жергілікті әкімдік басу айтып әлек болуда. Оларға сенсек, байбалам салудың жөні жоқ. Яғни тұрғындардың үйін жөндеп немесе тіпті мемлекет есебінен пәтер сатып әпермек екен. Бұл таралы КТК телеарнасы хабарлады.

Белоусовка ауылының тұрғындары біртіндеп су басқан үйлеріне қайта оралып, келген шығынды өз беттерінше есептеуге кірісіп кеткен. Басқа барар жері жоқ тұрғындар жарамсыз болып қалған үйлерін қимай, жағалап жүр. Ал айтарлықтай зардап шекпеген үйлер тез арада жөндеуді қажет етеді. Ирина Панина, Белоусовка ауылының тұрғыны: — Балаларды үйге тастап, өзім жұмысқа кеткенмін. Қолымызға іліккенді сыртқа шығарып үлгердік, әйтеуір. Қалғаны суға кетті. Көршілес орналасқан Прогресс ауылындағы кішігірім өзен де елді мекеннің көп бөлігін басып қалған. Мұнда судың беті қазір де қайтпай тұр. Тұрғындар үйлеріндегі азық-түлік пен құжаттарын аман алып қалудың қамымен жүр. Ашулы тұрғындар, жергілікті су қоймасындағы суды дер кезінде жібергенде апаттың алдын алуға болар еді дейді. Шемонаихадағы жағдай да мәз емес. Мұндағы Оба өзені 42 үйді басып қалды. Ал аймақ басшысы тұрғындарға жедел түрде көмек беріледі деп отыр. Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі: — Бұл 30 жылдан бері болмаған жағдай. Енді ауа-райы дұрысталса және су қайтса, нақты іс-шараларға көшеміз. Әзірге тұрғындар тума-туыс жағалап кеткен. Ал кейбірін әкімдік арнайы орталықтарға орналастырыпты. Бұл жерде оларға гуманитарлық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр екен. Айта кету керек, шығысқазақстандықтарға көмек көрсету үшін Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстаннан құтқарушылар жетіпті. Ал аймаққа әлі де төтенше жағдай қаупі төніп тұр дейді ауа-райын болжаушылар. Өйткені жақын күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы 10 градусқа дейін көтерілмек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде