jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстан облысында үйлену тойында үш жасар бала көз жұмды

18 қараша 2021, 16:36

Кейбір деректерге қарағанда, трагедияға баланың жаңғақты жұтып қоюы себеп болған.

Шығыс Қазақстан облысы Көктал ауылындағы үйлену тойында үш жасар бүлдіршін көз жұмды. Кейбір деректерге қарағанда, трагедияға баланың жаңғақты жұтып қоюы себеп болған.

Облыстық полиция департаменті баланың көз жұмғанын растады.

«Осы жылдың 11 қарашасында Көктал ауылында 2018 жылы туған жас баланың өліміне қатысты Үржар ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», — деп атап өтті ШҚО полиция департаменті.

Қылмыстық іс бойынша қажетті сот-медициналық сараптамалар белгіленіп, істің жан-жақтылығын, толықтығын және шынайылығын қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.

Ақпарат көзі: Sputnik.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр