
Шығыс Қазақстан облысында жұқпалы дертке шалдыққан оқушылар саны 62-ге жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, науқастардың 37-сі кезекші сыныптарда білім алады, қалған 25 бала қашықтан оқиды.
«Нақты айтсақ, Риддер қаласында — 12, Алтай ауданында — 11, Глубокое ауданында — 11 , Өскеменде — 10, Семейде — 7 , Көкпекті ауданында — 5, Шемонаиха ауданында — 2, Курчатов қаласында — 2 және Күршім мен Катонқарағай аудандарында бір-бір оқушыдан коронавирус жұқтырды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, жалпы аймақ бойынша 647 мектепте 191 757 оқушы бар. Қазіргі уақытта 376 білім ордасындағы (58%) 33 078 оқушы мектеп қабырғасында білім алуда. Ал 271 мектеп қашықтан оқыту форматына көшіп, 107 543 оқушы үйден оқуда.