jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстан облысында 19 үйді су басты

24 наурыз 2018, 17:13

 Ал соған дейін Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданында ондаған аулаға су кіріп, адамдар қауіпсіз орынға көшірілген еді.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәулік ішінде облыс бойынша 19 үйді, 61 аула мен 6 көше суға кетті. Бір Өскеменнің өзінде 13 жер үйге, 1 бес қабатты үйге су кірген. Облыс орталығында көшелер де суға толды. Мұны әлеуметтік желіге тараған видеолардан көруге болады. Қар ең көп жауатын аудандардың бірі саналатын Глубокое ауданының екі бірдей елді мекені қар суынан зардап шекті. Белоусовка кентінде 4 үйді, Жаңа Үлбі елді мекенінде 1 үйді су алған. Ал Шемонаиха ауданында 33 үйдің ауласына су кіріп, деңгейі 20 сантиметрге дейін жеткен. Төтенше жағдай мамандары судың жолын тосу үшін бір тәулік ішінде құм салынған 61560 қап төсеп, 3440 текшме метр су сорған. Оларға көмекке Ұлттық ұлан сарбаздары көмекке келді. Осы жұмыстарға 36 техника жұмылдырылды.

 

24.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық