jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстан облысынан табылған бесінші «Алтын адам»

06 тамыз 2018, 11:51

Дәл қазір Өскеменде Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауында жүргізілген археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері БАҚ өкілдеріне таныстырылуда.
ҚазАқпарат хабарлағандай, бұл — Шығыс Қазақстан жерінен табылған бесінші «Алтын адам». Қазба жұмыстарына жетекшілік еткен академик Зейнолла Самашев табылған «Алтын адамның» еш бүлінбегенін айтады. Барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған. «Бұл — біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамнан» да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған «Алтын адам» табылды» — дейді археолог. Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтың айтуынша ол қатты тонауға түскен. «Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек» — дейді ғалым. Еске сала кетейік, біз осыған дейін Шығыс Қазақстанда Алтын адамның табылғаны туралы жазған болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде