jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстан атауын «Алтын Алтай» деп ауыстыру ұсынылды

07 қыркүйек 2018, 13:15

Өскеменде өтіп жатқан «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференцияда Шығыс Қазақстанның атауын Алтын Алтай деген атқа ауыстыру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференцияның пленарлық отырысында сөз алған академик Ғарифолла Есім «Алтын адамның» түр-түрі табылып жатқан Шығыс Қазақстанға Алтын Алтай атауы жарасады деген пікір айтты. «Тоналып жеткен алтынның өзі үлкен байлық. Алтын адам архетип қана емес, ол алтын идея. Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан қылып өзгертті. Мағжан ақын бұл өңірді Алтын Алтай деп жырға қосқан. Елбасы жолымен Шығыс Қазақстан облысын Алтын Алтай деп атаса, керемет болар еді. Батыс Қазақстан жұрты өздерін Ақ Жайық деп атауды баяғыдан ұсынып келеді. Сондықтан бұл өңірге Алтын Алтай деген атау жарасады» — деді философ.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді