jasqazaq.kz

Шығындар қысқартылады

28 қантар 2020, 11:43

Премьер-Министр Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге бір апта ішінде өнімсіз бюджет шығындарын қысқарту бойынша ұсыныстар беруін тапсырды.

«Мемлекет басшысы өнімсіз бюджет шығындарын қысқартуды тапсырды, оның ішінде квазимемлекеттік секторда. Министрлер мен әкімдерге Қаржы министріне ұсыныс тастауға бір апат уақыт беремін. Қаржы министрлігіне екі аптадан соң үкімет отырысында өнімсіз бюджет шығындарын қысқарту бойынша жасақталған тәсілдеме туралы есеп беруі қажет», — деді Мамин үкімет отырысында. Осыған дейін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алу мен түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды. «Қымбат көліктер мен жиһаздар алу, түрлі форумдар, семинар мен мәслихаттар өткізуге кететін шығындарға ұзақжылдық мораторий жариялауды ұсынамын. Іс-шаралар тәжірибелік және идеологиялық пайда түсіруі керек. Үкіметке 1 мамырға дейін атқарылған жұмыстар туралы есеп беруді тапсырамын», — деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық