jasqazaq.kz

Швейцарияда тау ауасы сатыла бастады

25 қыркүйек 2017, 10:27

Швейцарияда аэрозольды баллондардағы таза тау ауасын сатумен айналысатын компания пайда болды.

Компания өз өнімдерін ластанған қалаларға ұсына отырып, әлем нарығына шығуды көздеп отыр, деп хабарлайды rg.ru. Swiss Alpin Air компаниясы өнімдерінің мойындалып, тұтынушылардың сұранысына ие болатындығына сенімді. Қазіргі уақытта тау бұлақтарынан алынған бөтелкелердегі таза су әлем бойынша тұтынушылардың көлемді сұранысына ие болып үлгерген. «Жыл сайын швейцариялық Альпі тауларына таза тау ауасымен тыныстау үшін әлемнің әр елінен туристер ағылып келеді. Бұл бізде бар альпі ауасын экспорттаудың жай ғана мысалы», — дейді компания өкілдері. Осылайша, өндіруші сатылымға тыныстауға арналған арнайы маскалы 7 литрлік бөтелкелерді шығарып, бір данасын 21 долларға сатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жобаға инвесторлар іздестірілуде.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде