jasqazaq.kz

Шудағы пойыз апатына кінәлілер анықталды

03 қараша 2018, 11:37

Жамбыл облысы Шу ауданында жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына, шойын жол күтіміне жауапты бірнеше басшы азаматтар кінәлі болып шықты. Тексеру жүргізген Бас көлік прокуратурасы олар «өз ісіне немқұрайды қараған» деген қорытындыға келген. Яғни бақылаусыз қалған рельстер майысып, вагондар аударылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Темір жолдың қайғылы жағдай болған бөлігіне Шу жол дистанция басшысының орынбасары, 2-участоктің басшысы және оның орынбасары сондай-ақ тағы бір жұмысшы жауапты болған. Құзырлы орын осы азаматтарды апатқа кінәлі деп тауыпты. Сот сараптамасы, тексеру жүргізген мамандар, куәгерлер де прокуратураның сөзін қуаттаған. Жалпы кісі өлімімен аяқталған апатқа қатысты 700 адамнан жауап алынып, 75 заңды және жеке тұлға жәбірленуші деп танылған. Төрт ай бойы тергелген іс Шу аудандық сотына енді жетті. Еске салсақ, маусымның 17-де Жамбылда №9-шы «Бәйтерек» жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, бір жасөспірім ажал құшқан болатын. Тағы 11 адам түрлі дене жаратын алған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде