jasqazaq.kz

Шуда полицейлерге шабуыл жасағандар 8 жылға дейін сотталды

07 желтоқсан 2022, 10:14

Биылғы 7 мамырда Жамбыл облысының Шу ауданында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, шабуыл жасағандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Шу аудандық сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы үкімімен сегіз тұрғынға 3 жылдан 8 жыл 2 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», — делінген полиция мәліметінде.

Еске салсақ, 7 мамыр түнгі сағат 01.30 шамасында Шу қаласындағы вокзал маңында полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірі жоқ ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатқан болатын. Жүргізуші мен көлікте болған жолаушы құжаттарды көрсету туралы талапты орындаудан бас тартып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Сонымен қатар жақын маңдағы кафе мен алаңнан бір топ адам жиналып полиция қызметкерлеріне дене жарақатын келтіріп, қаруларын тартып алмақшы болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс материалдары үкім шығару үшін сотқа жолданған еді.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта