jasqazaq.kz

Шуда полицейге күш көрсеткендер ұсталды

08 мамыр 2022, 11:45

Шу қаласында полицейлердің заңды талабына бағынбай, күш көрсеткендер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7 мамырға қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз адамдар полицейлерге күш көрсетіп жатқаны туралы хабарлаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері Шу қаласының вокзал маңы алаңының жанында алдыңғы мемлекеттік нөмірлік белгісі жоқ «ВАЗ-21014» маркалы автокөлігін тоқтатқаны анықталды.

Мән-жайларды анықтау барысында автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы полицейлердің заңды талабына бағынбай, таныстарымен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен.

«Аталған дерек бойынша Шу аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігімен (билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта заңға қайшы әрекеттердің барлық қатысушылары анықталды, олармен жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», деп көрсетті Жамбыл облысы Полиция департаментi.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр