jasqazaq.kz

Шуда мас тұрғын үйіне келген полицейді пышақтап, қашып кетті (Видео)

09 маусым 2021, 15:29

Шу ауданында учаскелік полиция инспекторы бірнеше пышақ жарақатын алды, xабарлайды Polisia kz.

Ағымдағы жылдың 8 маусымында түнгі сағат 22:50 шамасында Шу аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторының ұялы телефонына Шу қаласының 37 жастағы тұрғыны хабарласып, өзінің азаматтық некедегі күйеуі отбасылық жанжал шығарып жатқандығы туралы айтқан.

Шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына 27 жастағы жанжал шығарушы бірнеше рет пышақ жарақатын келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкері аудандық ауруханаға жатқызылды, оның денсаулығына қауіп жоқ.

– Аталған дерек бойынша «Сирена-1», «Тосқауыл» жоспарлары жарияланып, іздеу жұмыстарына Полиция департаменті және Шу, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ізін суытпай Шу ауданының Алға ауылынан ұсталды, оның жеңіл дәрежедегі масаң күйде екендігі анықталды. Ол Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды,- деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов фейсбук парақшасында.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 1-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия