jasqazaq.kz

Шу вокзалындағы «қыз алып қашу» оқиғасы видеоға түсіп қалған (Видео)

04 ақпан 2022, 15:15

Шу қаласындағы вокзалда болған «қыз алып қашу» оқиғасы бейнежазбаға түсіп қалған. Жергілікті халықтың арасында үлкен дау тудырған оқиғаға қатысты полиция түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Видео әлеуметтік желідегі жергілікті парақшалардың бірінде жарияланған. Жазбадан оқиға Шу вокзалында болып жатқанын аңғаруға болады. Кадр сыртындағы дауыстар, бейтаныс жігіттің қызды алып қашып бара жатқаны туралы айтады.

Куәгерлер жәбірленуші қыз өзінің әлі кішкентай екенін айтып, көмекке шақырса да ешкім көмектеспегенін жеткізген. Сондай-ақ олар қажет уақытта орнынан табылмаған полиция қызметкерлерінің әрекетіне шағымданған.

Болған оқиғаға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті түсінік берді.

«Таралған бейнежазбаға қатысты полиция қызметкерлері тергеу жүргізді. Оқиғаның мән-жайын анықтап, түсініктеме беру үшін жігіт пен қыз аудандық ішкі істер бөліміне шақырылды. Олардың айтуынша, қыз бен жігіт бірге жұмыс істейді және кездесіп жүргендеріне 6 айға жуық уақыт болған. Қыз Шуға жігіттің ата-анасымен танысу үшін ғана келген, ал жігіт жәбірленушінің дайын болмағанына қарамастан оны бірден алып қашып, той өткізбек болған. Сондықтан қыз барлығын видеоға түсіріп алған», — деп түсіндірді полиция.

Полиция қызметкерлері қыздың жігітінің үстінен арыз жазудан бас тартқанын жеткізді.

Қазір олар қыздың ата-анасымен танысып, қазақтың салт-дәстүрі бойынша ақ батасын алу үшін қыздың үйіне жолға шыққан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от В Таразе всегда солнечно (@vtvs_taraz)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде