jasqazaq.kz

Шу шығарған қытайлық азамат ұшақтан түсірілді

27 наурыз 2019, 16:54


«Нұр-Сұлтан-Алматы» рейсінде шу шығарған қытайлық азамат ұшақтан түсірілді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, елорда әуежайында орналасқан желілік полиция бөлімшесіне «Эйр-Астана» компаниясының өкілінен «Нұр-Сұлтан-Алматы» рейсінің ұшақ бортында тәртіп бұзған ер адам туралы хабарлама түскен. «Көлік полициясы тексеру барысында Қытай Халық Республикасының 40 жастағы азаматын анықтады. Ер адам мас күйінде өзін дөрекі ұстап, бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспаған. Жолаушылардың мазасын алған. Мән-жайды анықтау үшін жолаушы рейстен түсірілді», — делінген ақпаратта. Құқықбұзушының үстінен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш (12625 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде