jasqazaq.kz

Шу өзенінің суынан сынама алынды

01 наурыз 2020, 12:09

29 ақпанда Шу өзенінің суынан сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. «БАҚ және әлеуметтік желіде Шу өзеніне құятын Қырғызстан Республикасының аймағында Аламедин және Ала-Арча өзендерінде су жасыл түске боялғаны жөнінде ақпарат тарауына байланысты 29 ақпанда «Қазгидромет» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы қызметкерлері Қайнар ауылының маңында Шу өзенінен жоспардан тыс су сынамасын алды «, желінген хабарламада. Аталған жер Қырғызстанмен шекарадан шамамен 20 шақырым қашықтықта. Мамандардың мәлімдеуінше, Шу өзеніндегі судың түсі өзгермеген, бөтен иісі жоқ, басқа ештеңе табылмаған. «Ауыр металл, органикалық және биогенді заттарды анықтау үшін су сынамаларының физика-химиялық талдауының нәтижесі 2 наурызда ұсынылатын болады», делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия